Жер комиссиясы ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға қалдыру және оны 49 жылға жалға беру мәселесін талқылап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру мен 49 жылға дейін жалдау мерізмін сақтау талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық жұмыс тобының үшінші отырысына 33 адамның 26-сы қатысты. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Бірінші мәселе – ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, оларды 49 жылға дейін жалдау мерізмін сақтау. Талқылаудың қорытындысы – ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға беруді қалдыруды жұмыс тобы мүшелерінің көпшілігі қолдады. Себебі, жерді 49 жылға дейін жалға беру мерзімі Қазақстанда алғаш рет 1995 жылы Жер туралы заңға сәйкес қабылданған. Содан бері 26 жыл өтті. Бұл шарт ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың жүйесін қалыптастырды», - деді Экономикалық жұмыс тобының басшысы А. Күрішбаев Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында.

Жұмыс тобына қатысқан белігіл ауыл шаруашылығы мамандары, ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары осы мерзімді ауыл шаруашылығының тиімді жұмыс істеудің негізі деп қолдап отыр.

«Халықаралық тәжірибеге келсек, әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде көршілерімізде – Ресей, Өзбекстан, Украина және т.б. елдерде ауыл шаруашылығы жерлерін жалға 49-50 жылға беріледі. Осы сұрақтың келесі бөлігі – жалға алу құқығын мұраға қалдыру туралы ұсыныс. Бұл мәселе қолданыстағы Жер кодексінің 40-бабымен реттеледі. ҚР Конституциясына сәйкес, мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі және ол шектелмеуі тиіс. Нақтылап айтсақ, мұрагерлік мүмкіндігі жерді жалға берген мерзімі шегінде ғана іске асады. Бұл ұсынысты қолдағандар – 25 адам, қарсы болған – 1 адам», - деді Ақылбек Күрішбаев.


Соңғы жаңалықтар