Жамбылда жыл басынан бері 46 жол оқиғасында балалар жапа шеккен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері балалардың қатысуымен 46 жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында балалардың қатысуымен 46 жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде 50 кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі дене жарақатын алды, екеуі қайтыс болған. Сондай-ақ, Таразда жас велосипедшілердің қатысуымен бір жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір бала зардап шеккен.

Жамбыл облысының Полиция департаменті балаларды мұқият қадағалап, олардың автомобильдер мен мотоциклдердің кілттеріне қол жеткізу мүмкіндігін болдырмауға, скутерді жүргізуге тиісті құқықсыз және жүргізу дағдыларынсыз тыйым салуға жол қозғалысының ересек қатысушыларының назарын аударады.

«Балаға автокөлікті немесе мотокөлікті басқаруда бейғамдығы неге әкеп соғатынын түсіндіру маңызды. Сонымен қатар, жаяу жүргінші балалар жолдардағы жол-көлік оқиғасына жиі қатысушы да болады.

Автожол бөлігінен өткен кезде жол ережелерін сақтамай, гаджеттер мен құлаққаптарды пайдаланып, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзатын ересек жаяу жүргіншілердің салғырттығы да жазатайым оқиғалардың себептері болып табылады. Балалармен жол-көлік оқиғаларының алдын-алуда жеткен нәтижелер көбінесе ересектердің санасына, жеке мәдениеті мен тәртібіне байланысты»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар