Ветеринариялық препараттың 60 пайызы отандық өндіріске тиесілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 148 млн доза вакцина қамтылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралардан (вакциналау және диагностикалау) тұратын ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 9 айда ғана жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн манипуляция жүргізілді, бұл 9 айдағы жоспардың 100,9 пайызын құрайды. Вакциналау жүргізу үшін 7,1 млрд теңге сомасына 148,2 млн доза вакцина сатып алынды. Бұл ретте, ветеринариялық препараттың шамамен 60 пайызы отандық өндіріске тиесілі», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ел аумағына таралуы үлкен қауіп төндіріп тұрған аса қауіпті аурулар тізбесіне 68 ауру түрі енгізілді.

«Олардың 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал саламатты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

Биыл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жануарлардың аса қауіпті бірқатар ауруларының таралуы бәсеңдеді.

Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуал саламатты болып қалып отыр», - деді С. Омаров.

2019 жылмен салыстырғанда бруцеллез бойынша ошақтардың азайғаны байқалады. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика аумағында құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтарының көбейгені тіркелген.


Соңғы жаңалықтар