Түркістандық ШОБ өнім көлемі бойынша көш бастады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында шағын және орта бизнес субъектілері 450 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 133%-ға өсіп, республика бойынша І орынға көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың сөзінше, өңірде 141 992 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,6 пайызға артық деген сөз.

«Кәсіпкерлер үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Бұл үшін 2019 жылға 74,6 млрд. теңге көзделіп, сома өткен жылмен салыстырғанда 16,5 млрд. теңгеге артты. Бөлінген қаражат шеңберінде 5 мыңнан астам шағын және орта бизнес жобалары және 42 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылды», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, «Қамқор», «Жас кәсіпкер» және «Кәсіпкер ана» бағдарламалары аясында 1 пайыздық мөлшерлемемен кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілген. Оның ішінде Арыс қаласы бойынша 320 млн теңгеге 86 жоба қаржыландырылып, халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша жемісті жұмыстар атқарылған.



Соңғы жаңалықтар