Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бір күн бұрын жоғалып кеткен 73 жастағы ер адам белгісіз жағдайда көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнеткер Суворов көшесіндегі 253-үйден белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған.

Ол жеңіл киініп шығып кеткен. Қария есте сақтау қабілетінен айырылған.

Оның туыстары әлеуметтік желілерде зейнеткердің жоғалып кеткені туралы хабар таратқан, оны іздеуге еріктілер де қосылған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қаңтар таңертең Комаров көшесіндегі үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылған.

Бұл туралы 102 пультіне қала тұрғыны хабарлады.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп хабарлады баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар