ШҚО-да жеке кәсібін бастағысы келген 18 көпбалалы анаға грант берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жеке кәсібін бастағысы келген 20-ға жуық көпбалалы анаға грант берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың кешенді бағдарламасын және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында көпбалалы аналар былтыр 636, ал аз қамтылған отбасылар 239 грант алған.

Бұл - жеке кәсіпті дамытуға немесе жаңадан ашуға арналған гранттар.

«Мұндағы ең маңызды артықшылық – ақшаның қайтарымсыз негізде берілуі. Сондай-ақ көпбалалы аналардан қандай да бір бизнес курсын аяқтағаны туралы сертификат та талап етілмейді. Осы санаттағы отбасылардан грант алуға 1060 өтініш келіп түсті, оның 875-і, яғни 82%-ы мақұлданған», - делінген ақпаратта.

Бір гранттың мөлшері 583,4 мың теңгені немесе 200 АЕК-ті құрайды.

2021 жылы жалпы сомасы 39 млн теңгеге 67 грант, оның ішінде көпбалалы отбасыларға - 18, аз қамтылған жанұяларға - 21 грант берілген.

«Грант алған отбасылар бұл қаражатты тиімді қолданып, бизнестерін дөңгелетіп әкетуде. Атап айтқанда, олардың арасында сүт және кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысып жатқандар, техникалық қызмет көрсету станцияларын, маникюр салондарын, қоғамдық тамақтану орындарын ашқандар бар», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар