Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін бекітті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан парламенті елдегі премьер-министр лауазымына Абдолла Ариповтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін болған заң шығарушы палата мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысында Өзбекстан мемлекетінің президенті Шавкат Мирзиёев Олий Мәжіліске елдің премьер-министрі қызметіне Абдулла Ариповтың кандидатурасын қарастыруды ұсынды.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша А.Ариповтың кандидатурасына заң шығарушы палатаның 148 депутаты дауыс беріп, біреуі – бейтарап, 1 – қалыс қалды. Сенаторлардың ішінде 94-і А.Ариповты қолдаса, үшеуі қалыс қалған.

Автор: Мирас Қуандықов


Соңғы жаңалықтар