Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 7 тамыздағы қаулысына сәйкес шектеу шараларына бірқатар өзгерістер енгізілді.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім еткеніндей, бұдан бұрын сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылғаны белгілі. Енді өзгеріске сәйкес 8, 9, 15, 16 тамыз күндері саяжай бағыттары бойынша қызмет көрсететін қоғамдық көліктер сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қатынай алады.

Сонымен қатар жеке автокөліктердің түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін жүріп-тұруына тыйым салынғаны белгілі. Дегенмен дәлелді себептермен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүріп-тұру қажет болған жағдайда https://www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелу немесе «109» телефоны бойынша өтінім қалдыру қажет.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында 3 тамызда шектеу шаралары ұзартылған болатын.




Соңғы жаңалықтар