Олимпиада: 26 шілдеде қазақстандықтар спорттың 8 түрінен сынға түседі

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 26 шілдеде қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күні қазақстандық спортшылар спорттың сегіз түрінен бақ сынайды.

Олардың қатарында дзюдо, теннис, нысана көздеу, каноэмен жарысу, үстел теннисі секілі спорт түрлері бар.

Ойын кестесі төмендегіше түзілген.

06:00 Стенд ату. Скит. Әйелдер. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

06:30. Садақпен ату. Ерлер. Командалық жарыс. Қазақстан - Үндістан

08:00 Дзюдо. Ерлер. 73 келі. Жансай Смағұлов - Фердинанд Карапетян (Армения)

08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын. Елена Рыбакина - Ребекка Петерсон (Швеция)

11:00 Каноэ. Слалом есу. Ерлер. Александр Куликов

11:30 Үстел теннисі. Ерлер. Кирилл Герасименко - Тимо Болль (Германия)

15:03 Бокс. Ерлер. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Янкьель Ривера Фигероа (Пуэрто-Рико)

16:50. Ауыр атлетика. Әйелдер. 55 келі. Зульфия Чиншанло.

Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар