Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр, тағы 77 адам аталған ауруды жұқтырып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау ісі жөніндегі комиссиясына сілтеме жасап.

«Осы жылдың 20 қаңтары сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, коронавирустың жаңа үлгісіне шалдыққандар саны 291-ге жетті (270 – Уханьда, бесеуі – Бейжіңде, 14-і – Гуандунь провинциясында (Оңтүстік Қытай), екеуі – Шанхайда. Қытайдың 14 провинциясында ауру жұқтыруы мүмкін 54 адам бар», - делінген комиссия хабарламасында.

Олардың арасында мынадай провинциялар бар: Хайнань, Цзилинь (Солтүстік Шығыс Қытай), Аньхой (Орталық Қытай), Чжэцзянь мен Цзяньси (Шығыс Қытай), Гуйчжоу (Оңтүстік Батыс Қытай) мен Нинься-Хуэй автономиялық ауданы (Солтүстік Батыс Қытай).

Дәрігерлер науқастармен байланыста болған 1739 адамды оқшаулады. Олардың басым бөлігі ауруханадан шығарылды, бірақ 922 адам тыйым салынған орында.

Ухань қаласының мэрі Чжоу Сяньванның мәліметінше, осы аурудан алты адам көз жұмған.

Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар