Қостанайлық кәсіпкер аудандық ауруханаға тыныс алу құрылғысын алып берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысында «Біз біргеміз» акциясы аясында кәсіпкерлер медицина саласына көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Республикалық «Біз біргеміз» акциясы Қостанай өңірінде жалғасуда.

Бұл жолы Ұзынкөл ауданында жергілікті кәсіпкерАхмет Садықов аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесіне құны 15 млн теңге тұратын тыныс алу құрылғысын алып берді.

Медициналық құрылғыны емдеу мекемесіне тапсыру рәсіміне аудан әкімі Талғатбек Дайыров та қатысты. Әкім аудан тұрғындары атынан меценатқа алғыс айтты .

Әкім коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске үлес қосып жүрген жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін жоғары бағалады.

«Кәсіпкер сатып алып берген құрылғының қуаттандырғыш батареясы бар, сондықтан жедел жәрдем көлігінде де пайдалануға болады. Әрі өкпеге ауа жіберудің түрлі режімінде жұмыс істей береді. Аппараттың басқару тетігі орыс тілінде, заманауи талапқа сай», - деп сипаттама берді құны қомақты құрылғыға аудандық дәріхананың бас дәрігері Әміржан Бақытжанов.

Сондай-ақ, Ахмет Садықовтың игі бастамасын іліп әкеткен екі шаруа қожалығының басшысы бірігіп, аудандық ауруханаға жалпы құны 3 млн теңге тұратын гематологиялық талдау құрылғысын алып берді.


Соңғы жаңалықтар