Коронавирус: Қазақстанға келушілер ұсынатын анықтама мерзімі 3 күннен аспауы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағына кірген азаматтар ұсынуы тиіс коронавирусқа тестілеу анықтамасының мерзімі 3 күннен аспауы қажет. Мұндай талап бүгін Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ белгілі болғандай, бүгіннен бастап ҚР өңірлеріндегі зертханаларда ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Еске салсақ, бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар