Конькимен жүгіруден Әлем кубогіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

None
None
ХРЕНВЕН. ҚазАқпарат – 22 қаңтар күні Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Команда бас бапкері Дмитрий Бабенко әлемдік турнирге қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін жариялады.

Олар: Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Ольга Тихонова, Дмитрий Морозов, Виталий Щиголев, Демьян Гаврилов, Бақдәулет Сағатов, Роман Креч, Артур Галиев, Александр Кленко.

Айта кетелік, конькимен жүгіруден Қазақстан командасы 8 қаңтардан бері Нидерландта оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Әлемдік турнир 22-24 қаңтар аралығында өтеді.



Соңғы жаңалықтар