Көлікті тіркеу бойынша қызмет көрсету уақытша тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және «Электронды үкімет» порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады», - деп хабарлады әкімшілік полиция комитеті

Комитет осыған байланысты келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданады.


Соңғы жаңалықтар