Қазақстан оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының бірінші тоқсаннан кейінгі каникулы қашан басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күзгі каникул мерзімі 10 күнді құрайды. Оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің барлық мектептерін дәстүрлі білім беру түріне көшіру мәселесі пысықталып жатқанын жазған болатынбыз. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында айтылған.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 12 жастағы және одан үлкен жастағы балалар коронавирус инфекциясының таралуында белсенді рөл ойнайды. 2020 жылдың 4 қазанындағы жағдайға сәйкес, мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясына шалдығудың 136 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 51 бала бастауыш кезекті сыныптарда, 85-і қашықтан оқиды», - дейді Асқар Мамин.

Бүгінде елімізде 3,4 млн бала білім алып жүр. Оның ішінде 2 613 428 бала - қашықтан, 252 343 бала - мектептерде штатты білім режимінде, ал 546 776 бала - кезекші сыныпта оқиды.


Соңғы жаңалықтар