Қазақстан мен Испания мамандары бірігіп фильм түсіріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов редакцияның сауалына берген жауабында осындай мәлімет келтірді.

«Шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Бұл ретте, қазіргі таңда «Спасение в степи» (Қазақстан – Испания), «Өліара» (Қазақстан – Венгрия), «Көкбозат» (Қазақстан – Ресей) бірлесіп шығарылатын киножобалар өндірісте екенін атап өтеміз. Айта кету керек, бұл мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға үмітті болған көптеген бірлескен өндіріс киножобаларының ішіндегі ең үздіктері болып табылады», - деп жазылған вице-министрдің жауабында.

Сондай-ақ, Нұрғиса Дәуешов киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктелетінін түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар