Футболдан Қазақстан кубогы: «Тобылы» өз алаңында жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің үшінші туры аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандының «Шахтері» өз алаңында елордалық СДЮСШОР №8 командасын 7:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Қарағандылық клуб сапынан Оралхан Өміртаев 16, 42, Айдос Тәттібаев 19, 55, Жан-Әли Пайруз 46, 59-минуттарда қос голдан соқса, Евгений Шикавка 62-минутта есепті үстемелей түсті. Оған елордалық командадан 83-минутта Карим Смыков жалғыз голмен жауап қайырды.

Ақтаудың «Каспий» және Талдықорғанның «Жетісу» арасындағы кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Оны ақтаулық клубтан Уаджди Сали 76-минутта өзінің еншісіне жазды. Осылайша «Каспий» 1:0 есебімен басым түсті.

Елордалық «Астана» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды елордалық Абат Айымбетов соқты.

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Түркістанның «Мақтарал» командасына 3:4 есебімен жол берді. Бірінші лигада доп тебетін түркістандық клуб сапынан Владимир Седельников 8, Едіге Оралбай 11, Рашид Люхай 17-минуттарда қатарынан үш гол соғып кетті. Одан кейін қостанайлық командадан Серікжан Мужиков 30, (1:3), Жаслан Жумашев 69-минуттарда есеп айырмасын қысқартса, «Мақтарал» сапынан Диержон Ариповтың автоголынан кейін таразы басы теңесті. Кездесу тағдырын шешкен голды 91-минутта Мәди Қасейін соғып кетті. Нәтижесінде «Мақтарал» азулы қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, 24 шілдеде «Қызылжар» мен «Ордабасы» 1:1 есебімен тең түсті. Сырт алаңда «Тұран» «Қайратты» 1:0, «Қайсар» «Ақтөбені», «Тараз» «Атырауды» 2:1 есебімен жеңіп кетті.


Соңғы жаңалықтар