Футболдан ел біріншілігінде «Астана» ойсырай жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы басты ойын «Ақтөбе» мен елордалық «Астана» арасында өтті.

Кездесу барысында ақтөбелік футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 18-минутта Видемонт Уго есеп ашса, Шина 33-минутта басымдықты арттыра түсті.

Оған елордалық клубтан Аслан Дарабаев 43-минутта бір голмен жауап қайырды. Ойынның 73-минутында ақтөбелік клубтан Әлібек Қасым пенальтиді мүлтіксіз орындаса. Максим Самородов 95-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Астана» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Қатарынан үш рет жеңіске жеткен «Ақтөбе» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Астана» жеңілгеніне қарамастан бірінші орынды сақтап қалды.

Сондай-ақ аталған турда өз алаңында Петропавлдың «Қызылжары» қостанайлық «Тобылдан» 1:3, ақтаулық «Каспий» Түркістанның «Тұранына» 0:2 есебімен жол берді.

Ал «Тараз» бен алматылық «Қайрат», Түркістан обысының «Мақтаралы» мен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турда 25 маусымда өз алаңында «Ақжайық» «Ордабасыдан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Ақсу» мен «Шахтер» 1:1 есебімен тең түсті.


Соңғы жаңалықтар