Елордада жолаушылар автобусы өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 18:44-те Байқоңыр ауданы Кравцов көшесі 9а мекенжайындағы «Целинный» мөлтекауданы аялдамасында автобус өртенді. «Ивеко» маркалы №28 қалалық маршруттың қозғалтқышынан өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобустан түсіріліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.


Өртті сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері және 1 техника жұмылдырылған.

CTS компаниясының баспасөз қызметі оқиға орнында ТЖ қызметкері тексеру хаттамасын жасап, жүргізушіден түсініктеме алғандығын хабарлады.

Іс материалдары өрт-техникалық зертхананың сараптама бөліміне жіберілді.

Аталған маршруттық көлік бүгін таңертең рейс алдындағы техникалық байқаудан өткен. Соңғы техникалық тексеру 27 мамырда жүргізілген.

Айта кетейік, барлық автобустар әр 6 ай сайын жалпы техникалық тексеруден өтеді.


Соңғы жаңалықтар