Елордада Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада үшінші рет Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 28-29 қазанда өтеді, деп хабарлайды.

Биылғы форумның тақырыбы - Digital Era Lifestyle. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, инновация және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын ұсынады. Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 70 -тен астам спикер - халықаралық және қазақстандық IT -қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйлейді.

Елімізде үшінші рет өткелі жатқан Digital Bridge алаңында әдеттегідей Astana Hub Battle жарысында технологиялық стартаптар бақ сынасып, ең мықты ІТ-компаниялар Astana Hub Awards премиясы аясында марапатталады.

Биыл пандемия талаптарына орай іс-шаралар гибритті форматта өтеді – бірқатар ресми шаралар оффлайн өтсе, форумның негізгі бөлігі онлайн нұсқада көрсетіліп, кез-келген адам қатыса алады.

Форум барысында Tech Orda бағдарламасы аясында байқаудан өткен студентерге бағдарламалау мектептерінде тегін оқу үшін ІТ-ваучерлер, ал Seed Money бағдарламасы аясында мықты деп танылған стартаптарға қаржылдандыру сертификаттары салтанатты түрде табыс етіледі.

Биылғы жылдың басты тақырыптары - no-code құралдарының көмегімен керемет шешімдерді жылдам қабылдау, ІТ-өнімді шетелге шығару тәжірибесі, ІТ саласындағы онлайн-білім, ІТ-дағы әйелдер, GameDev индустриясын дамыту және т.б.

2018 жылдан бері ІТ саладағы жаңашылдықтар және идеялармен бөлісу алаңына айналған Digital Bridge үшінші рет технологиялық кәсіпкерлер мен венчурлық инвесторлардың, бизнес-періштелер мен мемлекеттік қайраткерлердің, ІТ-мамандар, блогерлер мен БАҚ-тың басын қосады.

Форум алаңында Қазақстанның цифрлық экожүйесіне қатысушылар мен шетелдік сарапшылар елдегі цифрландыру үрдісін талдап, цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша жаңа идеялар мен бастамалар ұсынады. 2018-2019 жылдары форумға 30 елден 280 ІТ-компания, 127 спикер, 50 венчурлық инвестор қатысты. Алдығы форумдардың нәтижесінде ІТ-стартаптар 1,2 млрд теңгеге инвестиция тартты.

Форумға https://digitalbridge.kz/ сайтында тіркеуден өткен кез-келген адам қатыса алады. БАҚ аккредитациясы да осы сайтта өтеді.


Соңғы жаңалықтар