БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы Алматыда қанша уақыт жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясы Алматыда қаншау уақыт жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының рөлін жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен және қызметтермен бірлесіп, олардың ішінде Алматы әкімдігі, ІІМ, ИИДМ ААК, ҰҚК, ДСМ – Қазақстандағы БҰҰ–ның негізгі командасымен тығыз үйлестіре отырып, рейсті қабылдау және БҰҰ өкілдерін Алматыға уақытша орналастыру мәселесін жедел пысықтады», - деді Ақан Рахметуллин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, келгендердің бәрі ұйымнның халықаралық қызметкерлері.

«Олардың қатарында БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету бойынша БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лионс ханым бар. Келген қызметкерлердің бір бөлігі жақын арада БҰҰ-ның басқа елдердегі бөлімшелеріне барады. Бірақ олардың басым көпшілігі, шамамен 100 адам Қазақстанда қалады және Алматыда UNAMA-ның уақытша қашықтағы кеңсесін құрады. UNAMA-ның қашықтан істейтін кеңсесін орналастыру әзірше жарты жылға жоспарланып отыр және Ауғанстандағы жағдайдың одан әрі дамуына байланысты ұзартылуы мүмкін», - деп атап өтті спикер.

Ол қызметкерлердің тұруы, кеңсені жалға алу және басқа да шығындар БҰҰ бюджетінен толық қаржыландырылатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар