Батыс Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша, 22 қаңтар күні өңірдің кей жерлерінде жауын-шашын түсіп, бұрқасын көтеріледі.

Көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында да боран, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар