Ауыл әкімін сайлау: Қызылорда облысындағы сайлаушылардың 83 пайызы дауыс берді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауыл әкімі сайлауында ауыл тұрғындарының 83,6 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлім етті.

«Арал ауданы бойынша 12 округтегі 19 учаскесі бойынша 8019 сайлаушы бар. Оның ішінде келушілер саны 7295 адам, бұл – 90,97%. Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушының 2496-і келді, Бұл 93,38%-ті құрайды. Қармақшы ауданы бойынша 1 округтегі 2 учаскеде тіркелген 3410 сайлаушы 2854-і таңдау білдірді (83,70%). Жалағаш ауданы бойынша 4 округтегі 5 учаске бойынша 3596 адам тіркелсе, келушілер саны 3156 адамды құрады. Ол - 87,76%. Сырдарияда 3 округтегі 2808 сайлаушның 2584-і келді (92,02%). Шиеліде 4 округтегі 5 учаскедегі 4225 сайлаушының 3324-і келді (78,67 %). Жаңақорғанда 13 округте 17 учаскеде 11340 сайлаушының 8440-і келді (74,43 %).

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтті, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ», - деді Ғ. Баймырзаев.

Сыр өңірінде 146 ауылдық округтің 40-ында ауыл әкімі сайлауы өтті. Бұл - жалпы ауылдық округтердің 27,4% құрайды.

Сайлауды ұйымдастыруға 7 аумақтық және 54 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.

Ауыл әкімі лауазымына 122 кандидат үміткер болды. Оның 49-ы - саяси партиялардан болса, 80-і - өзін-өзі ұсынушылар. Орта есеппен бір орынға 3 кандидаттан келеді.



Соңғы жаңалықтар