Атырау облысының әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің қабылдауына 10-нан астам тұрғын қатысты. Азаматтардың көтерген мәселелері баспанамен қамту, тұрғын үй сапасы мен медицина саласына қатысты өрбіді. Аталған мәселелерге жауапты сала басшылары баспанамен қамтудың заңдылығын түсіндірді.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов басқарма басшыларына азаматтардың өтініш-талаптарын жан-жақты қарауды тапсырды.

«Азаматтар қозғаған мәселелер шешімін тапқанша бақылауымда болады. Тұрғындардан түскен сауалдарға барынша шұғыл жауап беріп, заң шеңберінде шешу керек. Бұл –біздің басты міндетіміз», - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар