Армениядан әкелінген проблемалық көліктерден қалай құтылуға болады – ІІМ вице-министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Армения мен Қырғызстаннан әкелінген рөлі оң жақтағы және ескіріп қалған көліктерден қалай құтылуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда заңмен бекітілген техникалық регламенттерді айналып өтетін амал жоқ. Бұл рөлі оң жақтағы көліктерге қатысты мәселе. Бұл ереже керек десеңіз, 2008 жылы қабылданып қойған. Оны Қазақстан азаматтарының бәрі біледі. Ал енді не істеу керек дегенге келсек, жоқ дегенде шығынның бір бөлігін өндіріп алудың әртүрлі жолы бар. Ондай көліктерге техникалық регламент рұқсат беретін елдерге өткізуге болады. Автокөлікті қосалқы бөлшек түрінде сатуға да жол ашық. Көлік әкелінген елге қайта апарып, оның сапасы мен кедендік төлемдері туралы жалған ақпарат берген адамға қарсы сот шағымын түсіруге болады. Бұл жерде жағдай әр түрлі. Әр жағдайды жеке талдап, адамдарға соған сәйкес әрекет алгоритмін ұсынып жатырмыз», – деді Марат Қожаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев құқық қорғаушылар неліктен Армения мен Қырғыз Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеуге шақырғанын айтып берген еді.




Соңғы жаңалықтар