Алматыда жаңадан салынған госпиталь коронавирус жұқтырған 43 науқасты қабылдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаңадан салынған аурухана COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір онда 43 науқас бар», - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бұл аурухана 280 төсек-орынға есептелген. Құрылымына 9 клиникалық бөлім, 28 адамға арналған жансақтау бөлімі, далаға жеке шығатын бір орындық 10 палата, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді.

Сонымен қатар, модульдік кешенде палаталарда желдету жүйесі жұмыс істейді. Вирустары бар ауа палатадан тыс жерге шықпай, ол арнайы заларсыздандыру жүйесіне түседі.


Соңғы жаңалықтар