Алматыда тротуармен жүрген көлік жүргізуші жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда паркте тротуармен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы анықталды. Ол ӘҚБтК 596 бабының 1-бөлігінде «Жол жүру ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру» бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, Алматы облысында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Белгісіз көлік Талғар қаласының Менделеев көшесімен келе жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар