Алматыда карантин режимін бұзғандарға 3,5 млн теңгеге айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының мониторинг топтары күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Талапты бұзуға қатысты 7 факт бойынша материалдар сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 32 мониторинг топ күшейтілген жұмысты жалғастыруда.

1-19 қаңтар аралығында 221 мониторинг шаралары жүргізілді, оның барысында 1634 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде карантин шараларын бұзудың 60 фактісі анықталды.

Мониторинг топтары тексеру нәтижесінде келесі шаралар қабылданды: карантин шектеуін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 35 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға - 2 610 715 теңге болатын 15 хаттама, жеке тұлғаларға бетперде режимін бұзғаны үшін - 875 100 теңге сомасына 25 хаттама толтырылды. Кемшілік бірнеше мәрте қайталанған мекеме бойынша 7 материал сотқа берілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аудандар бойынша төмендегідей материалдар жіберілді:

-Алатау ауданы - 3 материал: «Жақсылық» дәмханасы, «Центр шашлыка» дәмханасы, «Парваз» дәмханасы ( қызметі 1 айға тоқтатылды, айыппұл-100 АЕК);

- Алмалы ауданы бойынша -1 материал «Финик» мейрамханасы ;

- Жетісу ауданы бойынша - Ниязов Ж.А. компьютерлік клубына 1 материал;

- Наурызбай ауданы бойынша - 2 материал: «Премьера» дәмханасы, «Таужолы» дәмханасы (қызметін 1 айға тоқтату, айыппұл-100 АЕК).

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қоғамдық көлікте әлеуметтік қашық пен бетперде режимін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қоғамдық көлікте бетперде кимеген жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал тасымалдаушыларға шағын, орта немесе ірі бизнеске тиесілігіне қарай айыппұл 230 АЕК - тен 1600 АЕК-ке дейін жетеді», - деді С.Байғабылов.

Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте 1 қаңтардан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары күн сайын өсіп барады. Бүгінгі күні 20 мыңнан астам жағдай тіркеліп, Алматы қаласы «сары аймаққа» енді.


Соңғы жаңалықтар