Алматыда індеттен ешбір медицина қызметкері қайтыс болған жоқ – Надыров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирустан қайтыс болған медицина мамандарының отбасына берілетін өтемақы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әріптестеріміздің ертерек өтемақы алғанына мүдделіміз. Бірақ, қазір Республикалық электрондық денсаулық орталығының жасап жатқан электронды порталын күтіп отырмыз. Бұл жүйе аяқталған соң, әр маманның эпидемиологиялық картасын енгізетін боламыз. Бағана айтқанымдай, 602 адамның картасы тіркеледі. Оның 58-і ғана қазір өтемақы алды», - деді Надыров.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін дәрігерлер мен медбикелерден ешкім көз жұмған жоқ.

«Тек 2 жедел жәрдем жүргізушісі мен Орталық клиникалық аурухананың лифтері, әйел адам қайтыс болған. ҚР ДСМ бұйрығы бойынша, ауырғандарға 2 млн теңге, қайтыс болғандарға 10 млн теңге қарастырылған. Қаза болған 3 адамның отбасына қаражат беріледі», - деді басқарма басшысы.

Бұған дейін Камалжан Надыров 58 маман өтемақы алғанын айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар