Алматыда білім беру орталығында бір жарым жасар қызды ұрып-соғу жөнінде іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық полиция департаменті балаларға білім беру орталықтарының бірінде 1,5 жасар қызды ұрып-соғу оқиғасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«НеМолчиKz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари өзінің Facebook парақшасында балада соққы іздері мен ми жарақаты бар екенін жазды.

«Директор мұны өзі секілді басқа бала жасады деп мәлімдейді. Оған сену қиын», - деп жазды ол.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті ҚР ҚК 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және Жетісу аудандық полиция басқармасының іс жүргізуіне берілді.

«Тергеу аясында тиісті жұмыстар мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады», - деп атап өтті қалалық полиция департаменті.


Фото: facebook.com/dina.tansari
Соңғы жаңалықтар