Ақтөбеде қаржы фирмасы алаяқтық жасады деп айыпталуда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қалалықтарға аз қаражат салып, үлкен табысқа жетуді ұсынған Ақтөбедегі қаржы фирмасына қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 қаңтарда Ақтөбе облысының полиция департаменті аз қаражат салып, үлкен табысқа жетуді ұсынған Ақтөбедегі қаржы фирмасына қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Іс әлеуметтік желілерден алынған мәліметтер негізінде қозғалды. Фирма қызметінің заңдылығы тексеріліп жатыр. Әзірге жәбірленушілер полицияға жүгінбейінше, барлығы ақшалай төлемдер алады», - деп түсініктеме берді ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Алайда тергеу мүддесі үшін фирманың атауы жария етілмейді. Өз кезегінде полицейлер ақтөбеліктерге қаржылық операциялар жасауда ерекше сақ болуды ескертеді.



Соңғы жаңалықтар