Әкім сайлауы: Ақмолалықтардың 76%-ы дауыс берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында әкім сайлауында дауыс берушілердің 76%-ы конституциялық құқығын іск асырған. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сүйенсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың 76% -ы алған. Облыс бойынша сайлаушылар саны – 100 111 адам. Бюллетеньдер алғандар саны – 75607», - деді комиссия төрағасы.

Сайлаушылардың аудандар мен қалалар бойынша белсенділігі мынадай:

Көкшетау қаласы бойынша – 91%, Степногорск – 61%, Ақкөл ауданы бойынша – 85%, Аршалы – 37%, Астрахань – 74%, Атбасар-84%, Біржан сал ауданы бойынша - 86%, Бұланды – 88%, Бурабай – 83%, Егіндікөл – 97%, Ерейментау – 70%, Есіл – 88%, жақсы – 85%, Жарқайың ауданы бойынша – 87%. 83%, Зеренді - 87%, Қорғалжын – 63%, Сандықтау – 98%, Целиноград – 83%, Шортанды – 78%.

Сандықтау ауданы 98%, Егіндікөл ауданы 97% және Көкшетау 91% көрсеткішпен алғашқы үштікті бастап тұр.


Соңғы жаңалықтар