51 жастағы қазақ бапкері ресейлік клубты жаттықтырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі футбол маманы Ильшат Айтқұлов Ресей чемпионатында ойнайтын «Орынбор» клубын жаттықтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

51 жастағы Ильшат Нұрғалиұлы «Орынбор» клубының бас бапкері Константин Емельяновты ауыстырды. Айтқұлов бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып тағайындалды, ол осы қызметті маусым соңына дейін атқаратын болады.

«Айтқұлов командаға маусым соңына дейін жетекшілік етеді. Оның болашағы команданың нәтижелеріне байланысты болады. Біздің міндетіміз — чемпионатты табысты аяқтау», - деді «Орынбор» ФК қамқоршылық кеңесінің мүшесі Василий Столыпин.

Ильшат Айтқұлов «Орынборда» 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Transfermarkt.de порталының мәліметінше, Айтқұловтың ұлты мен азаматтығы – қазақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұл клубта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат та ойнайды.

Соңғы жаңалықтар