21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қаңтар күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

15.00-де ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығында 2020 жылы төтенше жағдай кезінде жас бүлдіршіндерді қар құрсауынан құтқарып қалған Бауыржан Қуатұлы, Нариман Бейсембайұлы және Ержан Жанатұлын жасаған ерлігі үшін марапатталады.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшылығының және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы атынан алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылады.

17.00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы, м.ғ.д. Диляра Қайдарованың қатысуымен тікелей эфир өтеді.

Тақырыбы: Жатыр мойнының қатерлі ісігі: алдын алу және скрининг.

Эфир Диляра Қайдарованың Instagram парақшасында өтеді.


Соңғы жаңалықтар